Елордада үшем дүниеге келді. «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» туған сәбилердің жалпы салмағы 8 келі, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.
Төрт баланың анасы Жанар Жаңабаева бастапқыда естіген жаңалыққа сенер-сенбесін білмеген. Ғани, Иманғали, Ақнұр атты сәбилердің анасы Жанар мұны Тәңірдің сыйы, дейді.
«Балалардың жағдайы жақсы, салмақтары 2,5 келі. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі, тіпті егіздердің де салмағы мұндай болатын кез сирек»,-дейді мамандар. Қуанышқа кенеліп жатқан ата-ананың үшемге дейін өмірге келген ұлдары бүгінде жеті жасқа толған.
Бір қызығы, үшем әкесінің туған күнінде дүниеге келген. Енді Жаңабаевтар әулеті бір күнде 4 адамның туған күнін атап өтетін болады.
Үшемнің әке-шешесі Қайыржан мен Жанар Астанада жұмыс істейді. Енді оларға тұрғын үй өзекті мәселеге айналды.