Mercedes әлемдегі ең қымбат автокөлік шығармақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Mercedes әлемдегі ең қымбат автокөлік шығармақ

27.06.2014
Mercedes әлемдегі ең қымбат автокөлік шығармақ
S-класындағы Pullman жаңа Mercedes автокөлігінің бағасы Rolls-Royce автокөліктерінің құнынан асып түсіп, 1 млн долларға жуықтайды. Олай болса, ол әлемдемегі ең қымбат автокөлік атанбақ, деп хабарлады rbc.ru.
 
Автокөліктің комплектациясы мен техникалық көрсеткіштері туралы әзірге ақпарат аз. Компаниядағылар оның үш қатар орындығы болатынын, және ол нарыққа 2015 жылы шығарылатынын ғана айтқан.
 
«Біз әлемдегі ең үздік автокөлікті шығармақшымыз», - деп атап өтті компания өкілі Диетр Зетхен. Оның сөзіне қарағанда, осы көліктің 12 нұсқасы шығарылады. Ал, олардың комплектациясы мен дизайны әралуан болмақ.

Хабарламаларға жазылу