Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде «Қазақстан Барысы-2014» турнирі басталды. Биылғы жарысқа 28 палуан қатысады. Олардың қатарында Бейбіт Ыстыбаев пен Айбек Нұғымаров және Шалқар Жоламанов бар.
Сайыстың алғашқы жұбы – батысқазақстандық Еділ Үсенов пен қызылордалық Айбек Серікбаев. Еділ Үсеновтің лақап аты – Бура, ал Айбек Серікбаев – Майлыбай деген атпен шықты.
Палуандар сайысын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.