Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің екінші айналымында боз кілемге көтерілген келесі жұп - Павлодар облысының «Асауы» Дархан Жоламанов пен Алматы қаласынан келген палуан - «Алматы барысы» Арслан Әбдамит.
Белдесуде Дархан Жоламанов жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті.
Еске сала кетейік, «Қазақстан Барысы-2014» турнирін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.