Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өткен «Қазақстан Барысы-2014» турнирінде қарағандылық Асыл Бәрменов күміс белбеу иегері атанды. Оған 30 мың АҚШ доллары, ал бапкері Сұлтан Тынысбаевқа 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйлық берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының палуаны ақтық сында Шығыс Қазақстан облысының палуаны Мұхит Тұрсыновпен белдесті.