Головкиннің жаттықтырушысы шәкіртінің алдағы кездесуі туралы пікірін білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Головкиннің жаттықтырушысы шәкіртінің алдағы кездесуі туралы пікірін білдірді

01.07.2014
Головкиннің жаттықтырушысы шәкіртінің  алдағы кездесуі туралы пікірін  білдірді

WBA және IBO нұсқалары бойынша бокстан  орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес шәкіртінің кәсіби бокс мансабындағы ең тәжірибелі әрі табысты қарсыласпен кездесетіндігін мойындады.

Оның пайымынша, Дэниел Гилдің ерекшелігі, шаршы алаңдағы белсенділігі, ал, қарсыласын ұрып жығар қауқары жоқ.

«Гил Геннадийдің жолы түйіскендер арасында ең мықтысы екендігі сөзсіз. Ол ең үздік нокаутшы емес те шығар. Бірақ, егер қол жеткізген жетістіктерін саралайтын болсақ, онда ол Головкиннің барлық қарсыластарының алдын орайды. Екі мәрте Әлем чемпионы және екі-ақ рет жеңілістің ащы дәмін татқан. Бұған қоса, оның бірі даулы жеңіліс», - деді А.Санчес.

Сонымен қатар ол Дэниелдің шаршы алаңдағы ұрыс мәнеріне де  бағасын берді.

«Геннадий кәсіби рингте мұндай боксшымен әлі кездескен жоқ. Егер Гил 100 пайыз дайын болмаса, шаршы алаңда қиын болады». - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин мен Дэниел Гил арасындағы жекпе-жек 26-шілде күні Нью-Йорктегі 20 мың адам сиятын Madison Square Garden аренасында өтеді.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу