4 шілде күні Алматыда Қазақстан бойынша тұңғыш рет түнгі веложарыс өтеді. Шара Астана күні мерекесіне орайластырылған.
Жарыс сағат 22.00-де әл-Фараби даңғылы мен Тәттімбет көшесінің қиылысынан басталып, «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплин кешенінде мәресіне жетпек.
Жарыстың өтуіне байланысты, 4 шілде, сағат 21.00-ден 23.00-ге дейін осы көшелер аралығында көлік қатынасы тоқтатылады.
Веложарысты ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, шараға қатысушылар велосипедтері мен киімдерін жарық беруші аксессуарлармен жарақтандыруы тиіс.
Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табысталады.