Тау-кен өндірісіне қатысты 31 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тау-кен өндірісіне қатысты 31 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген

02.07.2014
Тау-кен өндірісіне қатысты 31 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген

2018 жылға дейін Қазақстанның тау-кен өндірісін жүзеге асыру бағытында 1,3 триллион теңгеге 31 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Мұндай мәлімдемені Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өткен телекөпір кезінде жасады.

«Тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған жоспардың 5 жылдығына орай, 2018 жылға дейін 1,3 триллион теңгеге 31 инвестициялық жобаны іске асыру көзделіп отыр»,-деді Президент елдің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған кеңес барысында.

«Біз осы жылдар аралығында талай мүмкіндіктерді жіберіп алдық. Бізде геологиялық зерттеу мекемесі жоқ. Мекемелердің көбі өнім өндіргенмен, ешкім қорды ұлғайтпайды.  Ал мына бағдарлама бойынша, алтынның қорын – 400 тоннаға, мыс, полиметан қоры – 12 миллион тонна, мұнай-газ және басқа да ресурстар үшін одан да көп өндіруге болады», деді Елбасы.

Хабарламаларға жазылу