Ресей құрамасының шабуылшысы Александр Кержаков футболдан Әлем чемпионатында қазіргі уақытқа дейін пас беру нәтижесі бойынша ең төмен ойыншы атанды.
Фабио Капелло шәкірттері небәрі екі ұпай жинап, топтық кезеңнен өте алмады. Ал Александр Кержаков бұл турнирде бір мәрте көзге түсті.
Шабуылшы үш ойында алаңда 101 минут өткізіп, 17 рет пас берген. Тек оның алтауы ғана дәл жеткен. Бұл Әлем чемпионатында Кержаков пасының тек 35 пайызы ғана сәтті шыққан.
Пас беру нәтижесі төмен ойыншылардың тізіміндегі екінші орында бразилиялық шабуылшы Жо тұр. Оның көрсеткіші – 38 пайыз.