Германияның Брауншвейг қаласында жүлде қоры 106,5 мың еуроны құрайтын теннис турнирі басталды. Бұл турнирде қазақстандық теннисші Андрей Голубев ширек финалға шықты.
Голубев екінші айналымда неміс Максимилиан Мартерерден 6/4, 6/2 есебімен басым түсті. Бұған дейін, ол бірінші айналымда италиялық Маттео Виоланы 6/4, 6/4 есебімен жеңген еді.
Қазақстандық теннисші ширек финалда неміс Филип Петцшнермен кездеседі. Ол екінші айналымда Томас Беллуччиден 7/6, 6/3 есебімен айласын асырды.
Ширек финалға шыққаны үшін Андрей Голубев 3 мыңнан астам еуро мен АТР рейтингінде 25 ұпайға ие болды.