Бразилиялық коллекционер Дуда Сампайо Баия штатының билігіне Салвадорда футболдан Әлем чемпионаттарының тарихынан хабардар ететін көрме ұйымдастыру үшін 111 футбол жейдесін тапсырды.
Штат астанасының ірі сауда орнында 19 стенд (өткізілген турнирлердің санына орай) қойылған, ал олардың әрқайсысында алты-жеті футболкадан бар. Олардың басым бөлігін футболшылар чемпион кезінде киген.
Бастапқыда Дуду Сампайо тек Бразилия құрамасы мен жергілікті клубтардың жейдесін жинаған. Кейін өзінің әуестенетін ісін кеңейткен. Қазір оның топтамасында 3,4 мыңға жуық футболка бар, деп жазады ҚазАқпарат.