Қаржы полициясы Қарағанды қаласының бұрынғы әкіміне қатысты қылмыстық іс қозғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы полициясы Қарағанды қаласының бұрынғы әкіміне қатысты қылмыстық іс қозғады

03.07.2014
Қаржы полициясы Қарағанды қаласының бұрынғы әкіміне қатысты қылмыстық іс қозғады

24 маусымда Қарағанды облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі М.Смағұловқа қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оған 2013 жылы «ЮТЭКС» ЖШС директорына осы кәсіпорынның есебінен Қарағанды қаласындағы өзінің жеке үйін жөндеуді заңсыз тапсырған деген айып тағылуда.  Бұл құрылыс компаниясы мемлекеттік несиелік үйлерді салудың мердігері болған.

Алдын-ала есептеу бойынша Смағұловтың үйінде «ЮТЭКС» ЖШС-мен жасалған жөндеу жұмыстарының құны 5 миллион теңгеден астам соманы құрады. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

 

Хабарламаларға жазылу