Бүгін Астанада «Bombardier» компаниясы «Q400NextGen» ұшағын таныстырды. Шараға компания өкілдері, «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев және бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
«Bombardier Сommercial Aircraft» компаниясы маркетинг және активтерді басқару, сату жөніндегі аға вице-президенті Рей Джонстың айтуынша, «Q400NextGen» ұшағы Орталық Азия елдері аумағында ұшуға өте ыңғайлы.
«Q400NextGen» - бұл нарықтағы ең заманауи әрі турболентті ұшақ. Қазақстан аумағындағы қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарына сай, ыңғайлылық пен жолаушылардың қолайлылығын қамтамасыз ететін жылдамдығы ең жоғары көлік. Сондай-ақ, айта кету керек, «Q400NextGen» ұшағы аса ыстық климатта да, ең төмен температура кезінде де ұшуға ыңғайлы»,-дейді ол.
Компания өкілінің айтуынша, «Q400NextGen» ұшағы қазіргі таңда шығарылып жатқан 70 орындық ұшақтардың арасында шығынды аз талап ететін техника.