ФИФА Әлем чемпионатының бірінші жартылай финалдық матчындағы Бразилия мен Германия арасындағы ойынға төрелік ететін арбитрлар бригадасын жариялады.
Бас төреші – 40 жастағы мексикалық Марко Родригес.
Марко Родригес бұл турнирде Бельгия – Алжир және Италия – Уругвай кездесуіне қазылық етті. Айта кетейік, төреші екінші ойында Клаудио Маркизионы алаңнан қуып, Луис Суарестің қорғаушы Джорджо Кьеллиниді тістеп алғанын байқамады.