Қазақ – табиғатынан әсірешіл, көргенін өнеге тұтып, үйреніп алуға бейім тұратын халық. Соңғы жылдары гендерлік саясатты жүзеге асыруға біршама көңіл бөліне бастады. Билік басына әйелдер келуде.
Қазақтың санасына ертеден ер азаматтар «отағасы», әйел заты «отанасы» деген пікір сіңісіп кеткен. Ерлер түздің адамы, ол отбасын асырауға міндетті. Ал аналар өмірге ұрпақ әкеліп, оны алақанына салып, бағып-қағумен айналысқан.
Жалпы, гендерлік саясат қазаққа қажет пе? Билік саласындағы әйелдердің отбасылық өмірі қандай? Балаларына дұрыс тәрбие бере ала ма? Мансап үшін жақындарын құрбандыққа шалу қажет пе?
Бұл сұрақтардың жауабын бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» ток-шоуынан біліңіз.