Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Қаулысымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Астана қаласында физика пәнінен Халықаралық олимпиада өткізеді.
13-21 шілде аралығында Астана қаласындағы Назарбаев университеті базасында өтетін IPhO-2014 олимпиадасына әлемнің 88 елінен 700 қатысушы келмек.
Шараны өткізудегі мақсат – оқушылардың бойындағы ғылыми-зерттеушілік талапты дамыту және анықтау, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдай жасау, ғылыми білімді насихаттау.
Олимпиадаға ұлттық физикалық олимпиадалардың жеңімпаздары құрамынан мектеп бітіруші және бітіру алдындағы сыныптардың оқушылары қатысады. Олимпиадаға қатысушы елдердің команда құрамының саны квотамен анықталады.
Физика пәнінен оқушылардың 45-ші Халықаралық олимпиадасында Қазақстан Республикасын ұсынатындар:
Бралин Амир – Халықаралық Жәутіков олимпиадасының алтын медаль, физикадан Азия олимпиадасының күміс медаль, физика пәнінен Халықаралық олимпиаданың күміс медаль және Республикалық пән олимпиадасының алтын медаль иегері;
Иса Данат – Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс медаль және Республикалық пән олимпиадасының алтын медаль иегері;
Нұрбек Дінмұхаммед – Республикалық пән олимпиадасының алтын медаль және физика пәнінен Халықаралық олимпиадасының қола медаль иегері;
Тұрсынбек Нұрислам - «Туймаада» Халықаралық олимпиадасының қола медаль, Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс медаль, физикадан Азия олимпиадасының грамотасы және Республикалық пән олимпиадасының алтын медаль иегері;
Құрмантаев Дәулет – Юниорлар арасындағы Халықаралық жаратылыстану ғылымдары олимпиадасының және Халықаралық Жәутіков олимпиадасының күміс медаль, және Республикалық пән олимпиадасының алтын медаль иегері.
14 шілде сағат 10.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында IPHO-2014 олимпиадасының салтанатты ашылуы болса, 20 шілде сағат 15.00-де дәл осы жерде шараның салтанатты жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.