«Келініме көңілім толмайды...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Келініме көңілім толмайды...»

09.07.2014
«Келініме көңілім толмайды...»

Бүгінгі бүлдіршін қыз, ертең бойжетіп, бір үйдің босағасын аттап, келін болары хақ. Ал, «келінді аяғынан» деп санайтын қазақ халқы әу бастан-ақ жаңа түскен келінге сын көзбен қарайды.

Отбасында тәлімді тәрбие алып, ибалылық пен инабаттылықты жанына серік еткен қыз бала барған жерінде бағы ашылып, сыйға бөленеді. «Тастай батып, судай сіңіп», жұбайының отбасына сіңісе алған келіннің ғана ауыл-аймаққа қадірі артады.

Бүгінгі келіндерде осы ибалылық бар ма? Ене мен келіні арасындағы бітпес дауды шешуге не кедергі? Бүгін 15.05-те «Әйел бақыты» ток-шоуы өзара сыйыса алмай жүрген ене мен келіннің шынайы оқиғасын тақырыпқа арқау етпек.

Хабарламаларға жазылу