«Гүлнәр тур» туристік компаниясы лицензиясынан айырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Гүлнәр тур» туристік компаниясы лицензиясынан айырылуы мүмкін

10.07.2014
«Гүлнәр тур» туристік компаниясы лицензиясынан айырылуы мүмкін

ҚР Сыртқы істер министрлігі Түркиядан жүздеген қазақстандықтың Отанына орала алмауына байланысты «Гүлнәр тур» туристік компаниясын лицензиядан айыру туралы өтінім бермек. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұндай жайт жылдан жылға қайталана бермеуі тиіс. Біз лизенциядан айыруға дейінгі шараны қабылдауды сұраймыз. Ал одан кейін лицензия бергендер шешім қабылдасын», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, өткен жылы дәл осындай оқиға болған кезде еліміздің барлық туристік операторларына ескерту жасалған.

«Өздеріңіз де білетіндей, өткен жылы компаниялар, оның ішінде түріктікі де бар, біздің туристерді Түркиядан шығара алмаған болатын. Бұл мәселені СІМ өз әріптестерінің көмегімен шешіп, туристерді елге жеткізген еді. Бірақ сол кезде барлық туристік операторлар мен лицензия беретін компанияларға ескерту жасалған-ды», - деді Р.Жошыбаев.

Хабарламаларға жазылу