Айтқың келген ойды халық мысалмен бірден ұғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айтқың келген ойды халық мысалмен бірден ұғады

11.07.2014
Айтқың келген ойды халық мысалмен бірден ұғады

Терменің қазақ халық поэзиясында алар орны ерекше.  Өнердің бұл түрі еліміздің батыс өңірі мен Сыр бойында жақсы дамыған.

Терменің тізгінін ұстаған азаматтардың бірі – Бауыржан Бекахметов «Таңшолпанға» сұхбат берді.

«Қазақ «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», дейді ғой. Әкем Оразқожа атақты термеші, жыршы Құттыбай Дүрбаев деген ақсақалдың шәкірті болған. Ал Құттыбай ақсақал Нартай ақыннан бата алған.  Сол Нартайдан жалғасып келе жатқан қасиет қой»,-дейді термеші.

Ахмет Байтұрсынұлының  «40 мысалын» термеге қосқан ол, бұл турасында: «Ахмет Байтұрсынұлының кітабын жұртқа оқытқызуға болмайтын кездері әкем  ол кісінің кітаптарын, жинақтарын, газет бетіне шыққан сұхбаттарын  үйде тығып ұстайтын.  Сол мысалдарды бала жасымнан айтатынмын. Себебі, айтқың келген ойды халық мысалмен бірден ұғады»,-дейді.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу