2017 жылы 2 миллион қазақстандықтың зейнетақысы қайта қаралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2017 жылы 2 миллион қазақстандықтың зейнетақысы қайта қаралады

15.07.2014
2017 жылы 2 миллион қазақстандықтың зейнетақысы қайта қаралады

«2017 жылдың 1 шілдесінен бастап 2 миллионнан астам зейнеткердің базалық зейнеттік төлеміне біржолғы қайта есептеу жүргізіледі», - деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Бұл мақсатқа жарты жылға 137 миллиард, ал бір жылға 275 миллиард теңге бөлу көзделіп отыр. 2017 жылдың 1-ші шілдесінен бастап, азаматтың зейнетақылық жүйеге қатысуын 1998 жылдың 1-ші қаңтарға дейінгі және 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілін ескере отырып, жалпы 20 жыл еңбек өтілі бар зейнеткерлер күнкөрістің ең төменгі жаңа мөлшерінен 70 пайыз көлемінде алатын болады.

Ал, 35 жылдан астам еңбек өтілі бар зейнеткерлер күнкөрістің ең төменгі жаңа мөлшерінен 100 пайызын алады. Министрдің сөзінше, күнкөрістің ең төменгі мөлшерін есептеудің әдістемесі 2017 жылдың 1-ші қаңтарынан өзгереді.

Қазақстанның зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленді.

 

Хабарламаларға жазылу