Мәскеу метросындағы апаттан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеу метросындағы апаттан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

15.07.2014
Мәскеу метросындағы апаттан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Мәскеу метросындағы апаттан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Нұржан Айтмаханов хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Мәскеу метросының Арбатско-Покровский желісіндегі пойыз рельстен шығып кеткен болатын. Апат салдарынан 19 адам қаза тауып, зардап шеккен 161 адамның 118-і ауруханаға жеткізілген. 50-ден аса адам ауыр жағдайда.

Осы оқиғаға байланысты Мәскеу билігі 16 шілдені метрополитенде қаза тапқандарды аза тұту күні деп жариялады. Бұл туралы Ресей астанасының мэрі Сергей Собянин айтты.

«Ертең Мәскеуде аза күні деп жариялаймын», - деді Собянин.

 Ол бұл оқиғаға жауапты тұлғаларды жұмыстан шығаруға, сондай-ақ, қылмыстық іс қозғалатынын жеткізді.

Хабарламаларға жазылу