Бүгін – «Өмір өткелдерінің» алғашқы бөлімі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – «Өмір өткелдерінің» алғашқы бөлімі

16.07.2014
Бүгін – «Өмір өткелдерінің» алғашқы бөлімі

Туған еліне бес жылдан кейін оралған Айсұлу анасынан жастайынан айырылған өжет қыз. Жанына музыканы серік еткен ол шетелде оқиды. Алайда, елге санаулы күнге демалуға келген Айсұлу әкесінің ауыр жағдайын көріп, оның қасында қалуға шешім қабылдайды.

Себебі, бизнес пен өмірде әкесінің жан достарының сатқындық жасағанына көзі жетеді. Енді оның өмірлік мақсаты - өнер мен музыка емес, осы бір қиын жағдайда әкесінің бизнесімен бірге оның абыройы мен намысын да құтқарып қалу болады.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының арнайы тапсырысымен түсірілген «Өмір өткелдері» телехикаясының бүгін алғашқы бөлімі. Көрерменнің сұрауы бойынша эфирге қайта шыққан телехикаяны бүгін 19.30-да тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу