Италиялық «Ювентус» клубы Массимилиано Аллегриді бас бапкер қызметіне тағайындалу туралы келісімшарт жасады, деп хабарлайды La Gazzetta dello Sport.
«Милан» командасының бұрынғы бапкері 2 жылдық келісімшарт жасасты. Енді оның жалақысы жылына 2 миллион еуро болады. 46 жастағы маман «Милан» клубын 2010-жылдан 2014-жылға дейін жаттықтырған. Сол уақытта ол 2010-11 маусымында чемпиондық атаққа қол жеткізіп, Суперкубок (2011) ұтып алған. Ал, 2014 жылдың қаңтар айында жұмысынан кетті.
«Ювентус» командасының бас бапкері болған Антонио Конте өз қызметін 15-ші шілде күні босатты. Бапкер мен клуб басшылығы келісімшартты ұзарта алмай, екіжақты келісімге келген.