«Қызылорда-Жалағаш-Самара-Шымкент» Р-33 автожолының 79+800 шақырымында орналасқан көпірдің бір бағытына жөндеу жұмыстары аяқталды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.
Жөндеу кезінде дәнекерлеу, бетон құю және қалып орнату жұмыстары атқарылды. Енді көпірдің екінші бағытын жөндеу жұмыстары атқарылуда.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 15 маусымы күні аталған көпірге шектен тыс салмақ түсуіне байланысты ауыр жүк көліктерінің қозғалысы шектелген болатын. Жол бөлігінде қажетті жол белгілері қойылып, тәуліктік кезекшілік атқарылуда.