Украинаның Ресеймен шекаралас облысында «Malaysia Airlines» әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы құлады, деп хабарлады Би-Би-Си. Алдын ала берілген ақпараттарға қарағанда, бортта 280 жолаушы мен 15 экипаж мүшесі болған.
ИТАР-ТАСС-тың хабарлауынша, ұшақ Ресей шекарасынан 60 шақырым қашықтықта Украинаның Донецк облысының аумағында құлаған.
«Украинская правданың» мәліметінше, ұшақ Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатқан.