Ұлттық банк теңгемен ашқан депозиттердегі баға айырмашылығының өтемақысын төлеу бойынша жұмысты бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк теңгемен ашқан депозиттердегі баға айырмашылығының өтемақысын төлеу бойынша жұмысты бастады

22.08.2015
Ұлттық банк теңгемен ашқан депозиттердегі баға айырмашылығының өтемақысын төлеу бойынша жұмысты бастады

Алматыда арнайы Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша бағамдық айырманы өтеу бойынша жұмыс тобы құрылды.

Өтемақы 2015-ші жылғы 18-ші тамыздағы жағдай бойынша шоттағы қалдық сомасы 1 миллион теңгеге дейін болатын жеке тұлғалардың теңгеде ашылған мерзімді депозиттері бойынша жүзеге асырылады.

Жұмыс тобының құрамына Ұлттық Банктің, екінші деңгейлі банктердің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының өкілдері кіреді.

 

Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу