Қазақстан Республикасының Үкіметі «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысына өзгерістер енгізді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 783 Қаулысы
«Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Оралмандарды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 783 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 248 қаулысымен бекітілген
Оралмандарды қоныстандыруға арналған өңірлер:
1.Ақмола облысы
2. Ақтөбе облысы
3. Алматы облысы
4. Атырау облысы
5. Шығыс Қазақстан облысы
6. Жамбыл облысы
7. Батыс Қазақстан облысы
8. Қарағанды облысы
9. Қостанай облысы
10. Қызылорда облысы
11. Маңғыстау облысы
12. Павлодар облысы
13. Солтүстік Қазақстан облысы
14. Оңтүстік Қазақстан облысы