Тур де Франс: 16-шы кезеңнің жеңімпазы – Майкл Роджерс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тур де Франс: 16-шы кезеңнің жеңімпазы – Майкл Роджерс

23.07.2014
Тур де Франс: 16-шы кезеңнің жеңімпазы – Майкл Роджерс

«Тур де Франс» көпкүндігінің 16-шы кезеңінің жеңімпазы «Tinkoff-Saxo» клубының шабандозы австралиялық Майкл Роджерс. Ал, мәреге екінші болып француз Томас Веклер («Europcar») келсе, үшінші беларусь Василий Кириенка («Sky») келді.

Мәре сызығын 20-шы болып «Astana Pro Team» клубының капитаны Винченцо Нибали кесті. Кезең жеңімпазы Майкл Роджерстен 8 жарым минут кешігіп келсе де Нибали жалпы есепте көш бастап тұр.

 «Тур де Франс», 16-шы кезең, Каркасон — Баньер-де-Люшон, 237,5 шақырым

1. Майкл Роджерс (Австралия, «Tinkoff-Saxo») — 6:07:10
2. Томас Веклер (Франция, «Europcar») — +0:09
3. Василий Кириенка (Беларусь, «Sky»)

Жалпы есеп:
1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — 73:05:19
2. Алехандро Вальверде (Испания, «Movistar») — +4:37
3. Тибо Пино (Франция, FDJ) — +5:06

Хабарламаларға жазылу