Елизавета Головкина: Ұлымның жекпе-жегін көрмеймін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елизавета Головкина: Ұлымның жекпе-жегін көрмеймін

23.07.2014
Елизавета Головкина: Ұлымның жекпе-жегін көрмеймін

Кәсіпқой бокстан WBA және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпион Геннадий Головкиннің анасы Елизавета Головкина ұлының жекпе-жегін тікелей эфирден қарамайтынын айтты.

«Ана ретінде ұлымның жекпе-жегін қарау мен үшін өте ауыр. Мен бәрібір кездесуді көрмеймін. Егер, кездесуде ұлым жеңіп жатса, онда міндетті түрде қайталауын көремін. Ол кездесуді (Гилға қарсы – ред) көру мен үшін кішкене балалар қорқынышты кино көргендегідей сезімде боламын», дейді чемпионың анасы.

Естеріңізге сала кетейік, 27-ші шілде күні өтетін Геннадий Головкин мен Дэниэл Гил арасындағы  жекпе-жекті «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу