Рубикжан Яхин өмірден өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рубикжан Яхин өмірден өтті

23.07.2014
Рубикжан Яхин өмірден өтті

Қазақ телевизиясына елеулі үлес қосқан танымал телережиссер Рубикжан Яхин 59 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Рубикжан Харисұлы «KAZsport» телеарнасының бас режиссері қызметін атқарған еді.

Ол 1955 жылы Ресей Федерациясының Астрахань облысынында дүниеге келген. 1973-1977 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының Театр және кино факультетін тәмамдаған.

Ал 1982-1983 жылдары Мәскеу қаласындағы КСРО мемлекеттік телевизиясының жоғары режиссерлық курсын аяқтаған.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Хабар» телеарнасы және «Жетісу» телеарнасында көп жылдар бойы қызмет еткен Рубикжан Харисұлының сонымен қатар, «Таң» және «31 арна» телекомпаниясында қолтаңбасы бар.

Р.Яхин бірнеше деректі фильмдер мен трансляциялардың режииссері. Көптеген спорттық бағдарламалардың шығармашылық редакциясымен тығыз жұмыс істеген. Ол 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасында, 1985 жылғы Мәскеу қаласындағы ХІІ Дүниежүзілік жастар фестивалінде, 1988 жылы мұз үстіндегі Дүниежүзілік мотожарыстың, 2014 жылы Сочи Олимпиадасында ЖТС режиссері болған.

Рубикжан Харисұлы ақпараттық және музыкалық бағдарламаларды да көрермен назарына ұсынған. Олардың ішінде «Әнші балапан» шоу бағдарламасының қоюшы-режиссері болды.

«Қазақстан» РТРК ұжымы марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Хабарламаларға жазылу