Алматыда қайтадан ипотекалық несиеге деген сұраныс пайда болды. Мегаполистің нарығы бір жыл ішінде 16, 6 пайызға өсіп, 311 миллиард теңгеге жеткен, деп хабарлайды Ranking.kz.
Қазақстанның басқа аймақтарын бірге қосқанда, ипотекалық портфель тек 8, 3 пайыз өсім көрсетіп, 614 миллиард теңгені құраған.
Жыл басынан бері Алматыдағы ипотеканың өсу қарқыны Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда жылдам болды. Ал, ең жоғары көрсеткішке ақпан айында жетті (7 пайыз). Мамырда нарық 0, 8 (2, 5 миллиард теңге) пайыз қосса, қалған аймақтарда бұл көрсеткіш небәрі 0, 5 (2, 8 миллиард теңге) пайыз болған.
Астанада өткен жылдың мамырдағы көрсеткіштерімен салыстырғанда, ипотека нарығы 12, 4 пайызға өсіп, 161, 9 миллиард теңге болған.
Ипотекалық несиені көлемі ең аз аймақтар – Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облысы.