Банктың дербес акционерлері Дінмұхамед Ыдырысов - 9,9, Қайрат Шарипов – 9, Ержан Достыбаев – 9,9, Бахаридин Абзалимов – 9,9, және Уәлихан Нұрмұхамедов – 4,3 пайызын иелік етеді.
«Біз біраз уақыт «Bank RBK» АҚ бақыладық. Қызмет көрсету, басшылық жағынан ешқандай құйтырқы әрекет байқамадық. Сондықтан ұзақ жыл банкпен бірге болуға шешім қабылдадық» - дейді акционер Дінмұхмед Ыдырысов.
Біздің анықтама:
Дінмұхамед Ыдырысов – ірі кәсіпкер, Forbes Kazakhstan рейтінгінің үздік 50 бизнесменнің қатарында. «Матен Петролеум» мұнай компаниясы мен «Ордабасы» корпорациясының акцияларынна иелік етеді.
Қайрат Шарипов – Қазақстанның ірі кәсіпкері. 2009 жылдан бастап «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ атқарушы директоры.
Ержан Достыбаев – Қазақстанның ірі кәсіпкері. Forbes Kazakhstan рейтінгі бойынша 50 бай бизнесменнің қатарына кіреді. «Матен Петролеум» АҚ акционері, «Ақтөбе мұнай» зауытының директорлар кеңесінің мүшесі.
Бахаридин Абзалимов – Қазақстанның ірі кәсіпкері, Forbes Kazakhstan рейтінгі бойынша 50 бай бизнесменнің бірі. «Матен Петролеум» АҚ президенті.
Уәлихан Нұрмұхамедов – Қазақстанның ірі кәсіпкері, «Ордабасы Корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы.
2014 жылдың 1-ші шілдесіне дейін банктың акциясы – 323,8 млрд теңге, несие сомасы – 241,4 млрд теңге, тұтынушылар сомасы – 265,8 млрд теңге, сондай-ақ, жеке тұлғалардың үлестері 55,6 млрд теңгені құраған.
Банк офистері Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шымкент, Өскемен және Екібастұз қалаларында бар.