Сайысқа еліміздің 14 жастан асқан кез келген азаматы қатысуға өтініш білдіре алады. Өтінішті қабылдау мерзімі 31-ші шілдеге дейін жалғасады.
Сондай-ақ, бұл турнирге спортшылар мен тау шаңғысы және биатлоннан ұлттық құрама өкілдері қатысады.
Негізгі топ және арақашықтық:
Аға буын – 1973 жылдан жоғары – 5 шақырым (ерлер), 3 шақырым (әйелдер).
Жасөспірім – 1997-1998 жыл – 10 шақырым (ұлдар), 5 шақырым (қыздар).
Жастар – 1995-1996 жыл – 10 шақырым (ұлдар), 10 шақырым (қыздар).
Негізгі топ – 1974-1994 жыл – 10 шақырым (ерлер), 10 шақырым (әйелдер).