Барак Обама АҚШ аумағына жеріне заңсыз еніп жатқан балаларға қарсы шаралар қолданатыны туралы Гватемала, Сальвадор мен Гондурас елдерінің президенттерімен кездесу кезінде ескертті.
АҚШ территориясында еш негізсіз жүрген балалар өз елдеріне қайтарылады.
«Америка халқы мен менің әкімшілігім бұл балаларға аяушылықпен қараймыз. Алайда біз өз басын қауіп-қатерге тігіп, үнемі келіп жатқан балаларға шектеу қою керекпіз», -деді АҚШ президенті.
Сонымен қатар, АҚШ Орталық Америка елдеріне кедейшілік, қылмыс пен есірткінің заңсыз айналымымен күресуге көмектесуге дайын.
АҚШ жылына 400 мың адамды өз елдеріне қайтарады. Осындай шараларға қарамастан, елде әлі 11 миллион көп адам заңсыз тұрып жатыр.