Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров өзінің 16-шы жекпе-жегін өткізіп, орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша Латын Америкасының чемпионы атағын қорғап қалды.
«Бүгін 16-шы жекпе-жегімді өткіздім. 5-ші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, өз атағымды қорғап қалдым», - деп хабарлады спортшы өзінің Instagram желісінде.
.