«Тур де Франстың» бір кезеңі Қазақстанда өтуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Тур де Франстың» бір кезеңі Қазақстанда өтуі мүмкін

29.07.2014
«Тур де Франстың» бір кезеңі Қазақстанда өтуі мүмкін

«Тур де Франстың» бір кезеңі Қазақстанда өтуі мүмкін

Қазақстан «Тур Де Франс» көпкүндігінің бір кезеңін өткізуге тырысады. Бұл туралы Ұлттық банк пен Велоспорт федерациясының басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

Қайрат Келімбетов мысал ретінде биылғы «Тур де Франс» көпкүндігінің Ұлыбританияның Йоркшир графтығында басталғанын келтірді.

«Қазір айтсаң әзіл секілді, бірақ Йоркшир тәжірибесі біз үшін өте қызықты. «Тур Де Франс» - жылдың ең тартысты бәсекесі. 5 миллион адам көшегі шығып турнирдің сәнін келтірді. Біздің басты идеямыз – бір кезеңді Қазақстанда өткізу. Йоркшир дайындығы үшін 3 жылы кетті. Біздің де қолымыздан келеді  деп ойлаймын», - деді Қайрат Келімбетов.

Айта кетейік, «Тур де Франс» көпкүндігінің биылғы маусымында «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали жеңімпаз атанды.

Хабарламаларға жазылу