Көкшетау қаласында 28 шілдеде жауған жауынның салдарынан 145 жеке тұрғын үй, бірқатар мемлекеттік мекеменің, оның ішінде облыстық сот, АХАЖ, тарихи-өлкетану мұражайы, Назарбаев зияткерлік мектебінің жертөлесі су астында қалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайдар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша 39,0 мм жауын-шашын түскен (норма 1-14 мм).
«Қазір суды тартып шығару жұмыстары жүргізілуде. Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ 12 бірлік техникасы, оның ішінде 2 өрт сөндіру-сорғы станциясы, қалалық коммуналдық қызметтің 11 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Көкшетау қаласының әкімдігінде су астында қалған тұрғын үйлерді тексеру бойынша 4 мобильді топ ұйымдастырылды», - делінген хабарламады.