Жамбыл облысында шатқалдағы өрттен орман шаруашылығының екі қызметкері қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында шатқалдағы өрттен орман шаруашылығының екі қызметкері қаза тапты

29.07.2014
Жамбыл облысында шатқалдағы өрттен орман шаруашылығының екі қызметкері қаза тапты

Мерке ауданындағы таулы жерде шыққан өртті сөндіру кезінде Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Орман мен жануарлар әлемін күзету бойынша Мерке аудандық мекемесінің» 2 қызметкері із-түзсіз жоғалды, деп хабарлады Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«28 шілдеде Мерке аудандық Ішкі істер басқармасы 26-27 шілдеде Ақтоған селолық округі «Бессалы молалы» шатқалында белгісіз жағдайларда мемлекеттік мекеменің екі қызметкері Бақытбек Үмбетов пен Бақытжан Егізбаев жоғалып кеткені туралы хабар келіп түсті», - деп хабарлады Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі.

Жедел іздестіру шаралары барысында «Бессалы молалы» шатқалының аумағындағы «Еркебай» шаруа қожалығы қасында, Мерке ауданынан 20 шақырым жерде күйген 2 адамның мәйіті табылды.

Қаза тапқан Мерке ауданы тұрғындарының жасы 24 пен 47-де. Өлім себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Хабарламаларға жазылу