Қазақстанның жұмысшы жастары арасында өтетін «Еңбек адамы» конкурсы басталды.
Бұл туралы «Қазақстанның жұмысшы және ауыл жастары қауымдастығы» ұжымдық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.
Шараның басты мақсаты - жастар арасында жұмысшы мамандықтардың беделін өсіру.
Ұйымдастырушылар үздіктерді тау-кен, мұнай өндірістері, құрылыс, машина жасау, ТКШ және көлік жүйесі салалары бойынша анықтамақ.
Конкурсқа қатысушылар ұйымдастыру комитетіне өтінім-анкетасын, жұмыс орнынан мінездеме және «Мен және менің жұмысым» атты таныстырылымын жіберуі тиіс.
Қазылар алқасы әр қатысушының өз өңірінің дамуына тигізген көмегін, кәсібилігін, ұйымдастырушылық және белсенділік қабілеттерін, сондай-ақ, жұмысынан тыс уақыттағы шығармашылық қызығушылықтарын сарапқа салады.
Сайыстың қорытындысы қыркүйек айының ортасында шығарылады.