Алматы Қала күнін тойлауға әзірлікті бастап кетті. Қала күні дәстүр бойынша Алматыда қыркүйек айы бойы тойланады. Бұл жолы қалада бір мезгілде екі алма базары ашылады.
Қала әкімі Ахметжан Есімов бірнеше концерттік және ойын-сауық орындарын, көптеген фуд-корттарды және арнайы түрде клаб-каредегі алма базарын аралап көрді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Бұл жолы Apple Fest өзінің көкжиегін барынша кеңейтпек. Яғни, алма базары қаланың қарама-қарсы екі жерінде болмақ. Бірі - Тұңғыш Президент саябағында, екіншісі - Орталық мәдениет және демалыс саябағында.
Сондай-ақ, Орталық мәдениет және демалыс саябағының Жазғы амфитеатрында «Алматым жүрегімде» атты Алматы туралы әндер байқауы өтеді. Байқаудың мақсаты - қаланың заманауи келбетін айшықтай алатын жаңа әнді дүниеге келтіру. Байқауды ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, бұл - Alicia Keys орындауындағы Нью-Йорк туралы Empіre state of mіnd болуы тиіс.