Шалқия кен-байыту кешенінің бірінші кезеңі 2017 жылы іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шалқия кен-байыту кешенінің бірінші кезеңі 2017 жылы іске қосылады

31.07.2014
Шалқия кен-байыту кешенінің бірінші кезеңі 2017 жылы іске қосылады

«Шалқия Цинк LTD»  ЖШС 100 пайыз үлесі жақында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық компаниясына берілді. Қазіргі таңда финляндиялық инвесторлармен бірге жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде.  Облыстық мәслихаттың ХХІХ сессиясында өңір басшысы Қырымбек Көшербаев «алдағы үш жылда құрылыста 945 адам жұмыс істеп,  469 миллион АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылады», - деді.

Кенішті және кен байыту фабрикасының бірінші кезеңін  2017 жылдың соңына дейін іске қосу жоспарлануда. Сол кезде комбинат жылына 2 миллион тонна кен өңдеп шығаратын болады.

Екінші кезеңін іске қосу 2019 жылға жоспарланған. Комбинат толықтай жоспарлы өндірістік қуатына кіріскенде жылына 4 миллион тонна кен шығаратын болады. Онда 1500-ге дейін жұмысшы қызмет етеді.

Хабарламаларға жазылу