Құрықта паромды кешен салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрықта паромды кешен салынады

31.07.2014
Құрықта паромды кешен салынады

Құрық портында  паромды кешен салу мәселесі Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің аймаққа жұмыс сапарымен келген кезінде шешімін тапты. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Lada.kz.

Аймақ басшысы паром кешені жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі бар екенін атап өтті.  Айта кету керек, Құрық портында паромды кешен салу мәселесі 2012 жылдан бері көтеріліп келеді.

«Жылдар бойы Құрықта паром кешенін салу мәселесі көтеріліп келді. Осы жолы Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің аймаққа жасаған сапарында, бұл мәселе түбегейлі шешілді.  Жыл соңына дейін «Жезқазған-Бейнеу» теміржолы салынып бітуі мүмкін. Ол іске қосылған соң, Ақтау торап орталығына айналады.

Ақтау арқылы өтетін тауар тасымалы  тек Қазақстан аумағында ғана емес, сонымен қатар, Қытай, Кавказ, Парсы шығанағы және басқа елдерге де тасымалданады. Осы арада тауар тасымалын ұлғайту үшін паромды кешен салу  маңызды. Қазіргі Ақтаудағы кешенде үнемі кезек болатынына Үкімет басшысы көз жеткізді»,-дейді аймақ басшысы.

Хабарламаларға жазылу