Либерияда «Эбола» вирусына байланысты мектептер жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Либерияда «Эбола» вирусына байланысты мектептер жабылды

31.07.2014
Либерияда «Эбола» вирусына байланысты мектептер жабылды

Либерияда «Эбола» вирусынан қаза тапқандар саны артуда. Осыған байланысты ел үкіметі барлық мектептерді жабу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ,  президент Элен Джонсон-Серлиф ел аймақтарында карантин жарияланатыны жөнінде мәлімдеді.

Соған сәйкес, кейбір мемлекеттік мекеме қызметкерлері 20 күн бойы үйлерінен шықпауы тиіс. Карантин талаптарының сақталуын әскери бөлімшелер бақылайды, деп хабарлайды BBC.

БҰҰ-ның мәліметінше, Батыс Африкада «Эбола» вирусынан қаза тапқандар саны 672-ге жеткен.

 

Хабарламаларға жазылу