Алматыдағы «Марципан» балалар мейрамханасы «Кішкентай кітапсүйерлер клубын» ашпақ.
Тамыз айынан бастап, белгілі қазақстандық әртістер кішкентай оқырмандармен бірге ертегі әлеміне саяхат жасайды.
Мейрамхана ұжымы бүлдіршіндер мен олардың ата-аналарын әрбір сенбі сайын, сағат 11.00-ден 12.00-ге дейінгі аралықта күтеді.
2 тамыз күні бүлдіршіндермен ғажайыптар әлеміне саяхат жасайтын - белгілі цирк әртісі Мұрат Мұтырғанов.
Клубқа кіру тегін.