Жезқазган-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл екі теміржол торабы ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазган-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл екі теміржол торабы ашылады

01.08.2014
Жезқазган-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл екі теміржол торабы ашылады

 

2014 жылы Қазақстанда Жезқазган-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл екі теміржол торабы ашылады, деп хабарлады бүгін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Мәмин Қазақстанның теміржол саласының 110-жылдығына арналған конференцияда. 

«Биылғы жылы жаңа теміржолдар - Жезқазган-Бейнеу (ұзындығы  - 988 шақырым) және Арқалық-Шұбаркөл (ұзындығы 214 шақырым) қатынасы ашылады. Барлық жаңа теміржол торабының ұзындығы - 2,5 мың шақырымды құрайды», - деді Асқар Мәмин.

Ұлттық компания басшысы атап өткендей, Қазақстанның тәуелсіздік жылдары темір жол көлігі отандық өнімнің халықаралық нарықтарға шығуын қамтамасыз етуде. Ел экономикасының қалыптасуында және әлеуметтік тұрақтылықта басты рөл атқарды. 

 

www.primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу