Астана маңындағы жолдар ақылы жүйеге көшпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана маңындағы жолдар ақылы жүйеге көшпек

01.08.2014
Астана маңындағы жолдар ақылы  жүйеге көшпек

Елордадан өтетін республикалық маңызы бар жолдардың барлығы 2017 жылдан кейін ақылы жүйеге көшпек. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2017 жылы «Астана-Теміртау» бағытындағы жол, 2018 жылы «Астана-Павлодар» бағытындағы жол  ақылы жүйеге көшеді. 

Қазіргі таңда елімізде ең алғашқы ақылы автобан  «Астана-Щучье» жолынан түскен табыс 800 миллионнан астам теңгені құрап отыр. Бұл көрсеткішті 1,2 миллиард теңгеге жеткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, 2015 жылы «Астана-Атбасар» жолында жүк көліктері ақылы қатынайтын болады. Аталмыш бағыттағы жол арқылы алғашқы жылы 900 миллион теңге пайда табу көзделген.

2017 жылдан кейін елорда маңындағы жолдар бойынша жолаушылар тек «Астана-Қорғалжын», «Астана-Киевка» бағытында тегін жүретін болады.

kapital.kz

Хабарламаларға жазылу