Астанада «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында мектеп тауарлары мен оқу құралдары жәрмеңкесі өтеді. Биыл тұрғындарға ыңғайлы болу үшін шараны тамыздың 16-23-і демалыс күндері өткізу жоспарланған. Жәрмеңке әкімдік алдындағы қалалық алаңда ұйымдастырылмақ. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасы мәлімдеді.
Жәрмеңкеден қала тұрғындары мен қонақтары мектеп тауарларын қолжетімді бағада сатып ала алады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер мектеп жасындағы және мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған киімдер, аяқ киім, портфель мен сөмкелерді ұсынады. Жәрмеңке өтетін күндері келушілерге концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.