EXPO-2017 көрмесінің үздік нышанына дауыс беру 4 тамызда басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EXPO-2017 көрмесінің үздік нышанына дауыс беру 4 тамызда басталады

01.08.2014
EXPO-2017 көрмесінің үздік нышанына  дауыс беру 4 тамызда басталады

 EXPO-2017 халықаралық көрмесінің үздік маскот дизайны байқауына арналған баспасөз мәслихаты 4 тамыз, сағат 14:00-де «Park Inn» қонақүйінде өтеді. 

Баспасөз мәслихатына  «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ-ның Маркетинг және қоғаммен байланыс жөніндегі департамент директоры Әсел Қожақова, «Green Penguin» агенттігінің арт-директоры Юлия Курова, «GOOD!» агенттігінің арт-директоры Берік Ерғалиев және  графика дизайнері Мира Қанатова қатысады.   

Байқау ұйымдастырушылары шешуші кезеңге шығатын 7 автордың жұмысын жариялайды. Олардың арасынан үздік жұмысты анықтау халық  таңдауына беріледі.

Дауыс беру кезеңі тамыздың 4-18-і  аралығында өтеді.  

Хабарламаларға жазылу