«Аргументы и факты» басылымы атақтары жоқ әдемі спортшы қыздардың бестігін жариялады. Тізімде қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова да бар.
Волейболдан 19 жасқа дейінгі Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында 7 орын алды. Ал, команданың қосалқы ойыншыларының бірі, 17 жастағы Сәбина Алтынбекова турнирдің басты жұлдызына айналып, Азиядағы барлық БАҚ-ның назарына ие болды.
Сәбинаның әлеуметтік желілердегі жеке парақшасында оқырмандар саны күн сайын арта түсуде, деп жазады ҚазАқпарат.