Галина Воскобоева алматылық жас теннисшілер үшін шеберлік сағатын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Галина Воскобоева алматылық жас теннисшілер үшін шеберлік сағатын өткізді

03.08.2014
Галина Воскобоева алматылық жас теннисшілер үшін шеберлік сағатын өткізді

Шеберлік сағаты алдында Галина Воскобоева «Жасыл доп» турнирінің жеңімпаздарын марапаттады. Бұл - «10 жасқа дейінгі теннис» бағдарламасы аясында Алматыда өткен халықаралық турнир.

Жарақатынан емделіп жүрген спортшы жас теннисшілермен өткен ойындар керемет болып, көңілінің көтерілгенін айтты.

Балалар теннисшімен ойын ойнады, ал, шеберлік сағатынан кейін қолтаңба алып, естелікке суретке түсті.

Естеріңізге сала кетейік, жылдың басында Галина Воскобоева Қазақстанның 1-ші ракеткасы болған. Қазіргі таңда жарақат алып, емделіп жатыр. Теннисшінің алаңға қашан оралатыны белгісіз.

 

Хабарламаларға жазылу